75 жылдық тарихы бар оқу орнында бүгінде 20 мыңнан астам студент білім алады. Ал университет былтыр «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» өңірлік рейтингінде 305 үздік жоғары оқу орны арасында 100-дікке іліккен болатын. Жыл сайын 700-ден астам студент пен 300 оқытушы оқуға және тағылымдамадан өту үшін шетелге жіберілуде.
Сондай-ақ, биыл Жастар жылына орай жоғары оқу орны 500 орынға лайықталған жаңа студенттер үйін салуды жоспарлап отыр. Бұған шаһардың «Тұран» мөлтек ауданынан 8 гектар жер бөлініп, жоба жасалуда. Бұл ғимарат Оңтүстік кореялық инвесторлар есебінен тұрғызылмақ.
«Барлық қазақстандықтарды келіп жеткен Ұлыстың ұлы күнімен, осы жаңа жылдың бастауымен шын жүректен құттықтағым келеді. Жастар бірігіп, 1 тонна бауырсақ пісірді», — деді М.Әуезов атындағы ОҚМУ бірінші проректоры Қайрат Нұрманбетов.