Жарияланды: 650

Шымкентте жедел несиелер тарату жолымен алаяқтыққа барған күдікті ұсталды

Шымкент. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жедел несиелер таратқан кейіпте алаяқтық схемасын ұйымдастырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдікті 2008 жылғы тамызда өз танысының сеніміне кіру арқылы оның атына "Алем Кассад" атты ЖШС тіркеген. Ол "ЭСКО" бизнес орталығының ғимаратында орын жалға алып, жедел несиелер тарата бастаған. "БАҚ-тар арқылы жария беру жолымен ол шұғыл несие алатын 286 адамды тапқан. Жедел несиені алу үшін 4 500 - 12 800 теңге аралығында міндетті сақтандыру жарнасын төлеу керек болған. 2008 жылдың қыркүйек - қазан айдарында әлгі А есімді азамат басқаның ірі көлемдегі мүлкін алаяқтықпен иемденіп алу мақсатында жедел несиелендіру арқылы азаматтардан "Алем Кассад" ЖШС-нің есепшотына 2 млн 500 мың теңге жинап алған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдікті одан кейін бұл ақшаны басқа фирманың есепшотына аударып, "заңсыз тапқан қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, жеке басының қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазір ұсталғанның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-тармағының "б" тармақшасы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін