Шымкентте жеке меншік бу моншасының қазандығы жарылу салдарынан үш адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жеке меншік бу моншасының  қазандығы жарылу салдарынан үш адам мерт болды

Шымкентте жеке меншік бу моншасының қазандығы жарылу салдарынан үш адам мерт болды

Шымкентте жеке меншік бу моншасының қазандығы жарылу салдарынан күйікке шалдығып үш адам мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 2 Наурыз 2004
  • 538
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 25-ақпанда қаланың «Агропром» ықшам ауданында болған. Жарылыс салдарынан бір отбасының 5 адамы зардап шекті. Күйік шалған 5 адам, соның ішінде үшеуі әл үстінде облыстық ауруханаға жеткізілді. 46 жастағы отағасының денесінің 70 процентін күйік шалса, 11 жастағы екі ұлдың денесінің 60 және 80 проценті күйген. Отбасының университетте оқитын үлкен ұлы 5 процент күйікке душар болды. Ал 1959-жылы туған әйел денесінің 9 проценті күйіп ауруханаға түскен.

26-ақпанда үй иесі, ал 29-ақпан мен 1-наурызда 11 жастағы екі ұл күйік салдарынан қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, әйел мен үлкен ұлдың денсаулық ахуалы тұрақты деп бағалауда. Осы оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар