Шымкентте жеңіл көлікті ұрлап кеткен екі жасөспірім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жеңіл көлікті ұрлап кеткен екі жасөспірім ұсталды

Шымкентте жеңіл көлікті ұрлап кеткен екі жасөспірім ұсталды

Тәртіп сақшыларының қолына түскен сезіктілердің 2001 жылы туылған қаладағы бір мектептің оқушылары екені анықталған.

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 481
Фото - Caravan.kz

Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөліміне 26 жастағы азамат есігінің алдында тұрған Opel Vectra маркалы машинасының ұрланғаны туралы арызданған. Шұғыл іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары қолды болған көлікті қаладағы мөлтек аудандардың бірінен тауып алған. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ұсталған 14 жастағы екі бозбала жеңіл машинаның есігін бұрағыштың көмегімен ашып, мініп кеткен деп отыр тәртіп сақшылары. Қалада біраз уақыт серуен құрған серілер кейін көлікті тасалау жерде қалдырып кеткен. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты өзгенің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Кәмелетке толмағандықтан, екі жасөспірім ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар