Шымкентте жер сату жөніндегі аукциондар қатысушылардың жоқтығынан өтпей қалуда
Шымкент. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жер сату жөніндегі қарашадағы аукцион қатысушылардың жоқтығынан өтпей қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Қалалық әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, қазандағы аукционға бар-жоғы екі адам қатысқан, гаражға арналған бір ғана жер телімі 450 мың теңгеге сатылды. Оның алдындағы бес аукционға бірлі-жарым ғана қатысушылар болғандықтан, бір де сауда-саттық рәсімделмеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін