Шымкентте жер телімдеріне қатысты ХҚКО қызметкерлері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жер телімдеріне қатысты ХҚКО қызметкерлері сотталды

Шымкентте жер телімдеріне қатысты ХҚКО қызметкерлері сотталды

Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 50 млн. теңгеден астамды құраған.

  • 12 Тамыз
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енді.

Олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды.

Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталған.