Шымкентте жетімдер үйінде кішігірім той жасаған жас жұбайлар алған әсерлерімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жетімдер үйінде кішігірім той жасаған жас жұбайлар алған әсерлерімен бөлісті

Шымкентте жетімдер үйінде кішігірім той жасаған жас жұбайлар алған әсерлерімен бөлісті

Шымкенттік жас жұбайлар үйлену тойы алдындағы қыдыру жоралғысын жетімдер үйінде өткізді. Мейірман мен Сәнияның өздері осы мекеменің түлектері болмаса да, тастанды балаларға дастархан жаюды жөн санапты.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 326
Фото - Caravan.kz

Той қызығы түгілі туысқа зар болып жүрген бүлдіршіндер қалыңдықтың жанынан үйіріліп шықпайды. Жас жұбайлармен әбден билеп, суретке түсті. Той алдындағы қыдыру жоралғысын жетімдер үйінде өткізуді шаңырақ көтеруші Мейірман бұрыннан ойлап жүрген екен. Кортежге ақша шығарғанша, асаба жалдап, балалар үйінде дастархан жайғысы келетінін естігенде, оған кей жолдастары күле қарапты. Тіпті, келіншегі Сәния да алғашында лимузинмен қыдыруда қаласа, жас күйеуінің ақылынан соң райынан қайтып келісім берген. Сөйтіп, жас жұбайлар екі сағаттай балалар үйіндегі отырыстан соң, туыстарымен мейрамханада тойлатқан. Ең қуанышты күнін жетімдермен ортақтасқан жас жұбайлар енді балалар үйіне жиі келіп тұрмақшы.

Мейірман Сауранбек, күйеу жігіт:

-Жетім балалар қандай тойға барып жүр деген ең үлкен ой сол болды. Әрқайсының күлгені жаңағы келіншекпен мен де билеймін деп, мен билей алмай қалдым ғой деп бір шетте жылағанына дейін көрдік. Қуанышты барлығы. Өзіміздің де көзімізге жас келді шыны керек. 

Соңғы жаңалықтар