"Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ауыр дене жарақатынан «Дэу-джентра» маркалы автокөлігінің жолаушысы 2014 ж.т. бүлдіршін оқиға орнында қаза болған",-делінген хабарламада.
ІІД мәліметінше, және де ЖКО нәтижесінде Шымкент қаласының 7 тұрғыны зардап шеккен. Олар: 32 жастағы «Дэу-джентра» автокөлігінің жүргізушісі және оның жолаушысы 1986 ж.т. әйелі мен 2011 ж.т. ұлы, сондай-ақ «Луидор» шағын автобусының жүргізушісі және жолаушысы 1994, 1997, 1999 ж.т. үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген.
"Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің СДТТБ тізіміне тіркеліп, ҚР ҚК 345-бабымен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық іс қозғалды. ЖКО-ға кінәліні анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",-деп көрсетілген хабарламада.