Апат 8-шілде күні 12 сағат 45 минутта Сәуле көшесіндегі «Автоәлемі» ЖШС-нің жанында «ВАЗ-2103» автокөлігі мен «ПАЗ» автобусы соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан «Жигулиде» отырған 34 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында мерт болды. Жеңіл автокөліктегі тағы төрт жолаушы мен автобустың екі жолаушысы түрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.