Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол полициясының басқармасы жұмысқа жол қозғалысының инспекторы ретінде әйелдердің қабылданатындығы туралы жариялады. Жүз адамнан құралатын арнайы батальонда 30 жасқа дейінгі он қыз таңдап алынады. Үміткерлерге бірқатар талаптар қойылады. Олардың жақсы денешынықтыру дайындығы, бойы 170 см-ден кем емес, орта заңдық білімі, міндетті түрде «В» және «С» санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.
«Көптеген облыстарда «қыздар взводы» бар, бірақ оңтүстікқазақстандықтардың тарихында бұл бірінші рет»,- деді Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. Ол басқа қаладағы тәжірибелер әйелдердің жұмысқа өте байыпты және әділ қарайтындықтарын көрсетіп отырғандығын айтты.
С.Қаракөзованың сөзіне сүйенсек, жол полициясына жаңадан жүз штат енгізіледі, нақтырақ айтсақ, облыстық бюджет есебінен қайта құрылады. Бұрын бұл инспекторлар саны қысқартылған болатын, бірақ іс жүзінде жол полициясының 200 адамнан тұратын жаңа құрамы облыстағы жол қозғалысын реттеу міндетін толық меңгере алмайтындығын көрсетті. «Жаңа батальон жол қозғалысының тәртіптерін сақтау қиынға түсіп отырған Шымкент жол полициясына көмекке келеді», — деді С. Қаракөзова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті