Ауыр техниканы тізгіндеген 20 жастағы Сарыағаш тұрғыны жол бойында кетіп бара жатқан екі жігітті байқамай қалған болса керек, жүк көлігімен жаншып өткен. Тіпті, бірнеше метр жерге дейін сүйреп барып тоқтапты. Ал, көлік астында қалған екеу бірден сол жерде мерт болды. Мәйіттердің жаншылғаны сондай полицейлер олардың аты-жөнін әлі анықтай алмай жатыр. Жүргізушінің өзі қамауға алынған.