Шымкентте жүрекке бірегей операция жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жүрекке бірегей операция жасалды

Шымкентте жүрекке бірегей операция жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысында науқас әйелдің жүрегіне тоқпен жұмыс істейтін тұрақты кардиостимулятор орнатуға бағытталған бірегей операция жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық жүрек ауралары орталығының бас дәрігері Сәуле Әбсеитова хабарлады.

  • 12 Тамыз 2003
  • 676
Фото - Caravan.kz

С.Әбсеитованың айтуынша, 43 жастағы әйел ауруханаға аса ауыр халде келіп түскен. Барған сайын асқына түскен дерт салдарынан әйел ұдайы есінен айрылып,ахуалы жедел операция жасауды талап еткен. Облыстық денсаулық сақтау департаменті, облыстық кардиодиспансер мен апаттық медицина орталығының мамандары осыған байланысты Республикалық апаттық медицина орталығына өтініш білдірді. Сөйтіп жүрек және ішкі аурулар жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институтының жүрек және оның соғысы бұзылу жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Құрманғазы Мадалиев Шымкенттегі операцияға кеңесші ретінде жіберілді. Екі сағатқа созылған операция қандайбір кедергі немесе қиындықсыз өтті. Қазір науқас әйелдің ахуалы орташа деп бағалануда.