Шымкентте жүргізуші жасөспірімді қағып өлтіріп, қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жүргізуші жасөспірімді қағып өлтіріп, қашып кетті

Шымкентте жүргізуші жасөспірімді қағып өлтіріп, қашып кетті

Шымкент қаласында көлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті. 

  • 6 Желтоқсан 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz

"2019 жылдың 4 желтоқсанында Шымкент қаласында Темірлан тас жолы бойында жүргізуші автокөлікпен кәмелетке толмаған екі жасөспірімді қағып кеткен.  Жол-көлік оқиғасының салдарынан оның біреуі алған жарақатынан көз жұмды, екіншісі түрлі жарақатпен Шымкент қаласының медициналық мекемесінің жан сақтау бөліміне жеткізілді", — деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады. Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде", — делінген ресми хабарламада.  


Соңғы жаңалықтар