Шымкентте жұртты экстремизмге үгіттеген уағызшы құрықталды
|
Шымкентте жат діннің жетегіне еріп, көшедегі жұртқа да ашықтан ашық үгіт жүргізетін уағызшылар қатары көбейіп барады. Полиция солардың бірінің үйін тексеру кезінде лаңкестік пен діни алауыздыққа үгіттейтін түрлі әдебиеттер мен бейнетаспалар тауып, тәркіледі. Тіпті жұртты мейірімді болуға шақырып жүрген сабаз, шоқынғалы бері жанұясына тыныштық беруді қойыпты.
Мына азамат өзін Иса Мәсіхтің табынушысымын дейді. Бұл жолға ауыр сырқатынан кейін түсіпті.
Серік Әбдиев:
-Маған намыс не керек өзім өлейін деп жүрсем. Барсам барайын, бір нәрсе болса барам, әйтпесе жариялаймын, осы осындай екен деп. Барған да ештеңе түсінген жоқпын. Бірақ мен өзіме жан тыныштығын алдым.
Содан бері сүйіспеншілік пен қайырымдылықты уағыздап жүр екен. Бірақ сол сүйіспеншілігін отбасына көрсетуді қойған сияқты. Балалары да көретініміз күнде әңгір таяқ деп отыр.
-Далаға шығудың өзіне қорқамыз. Бәрін сұрап істейміз ғой. Ұрсады. Су ішуге бара жатсаң, қайда барасың деп айғайлайды. Ұра береді, ұра береді.
Әбдиевтің қызы журналистердің көзіне көрінуге ұялды. Әкесі оны көк ала қойдай сабап тастапты. Ал әйелін өлімші етіп ұрып, келіншекті жедел жәрдем ауруханаға бір-ақ әкеткен..
Абдолла Баһадүр, теолог:
-Титтей қызын қызын көрдіңіз ба қалай ұрып тастағанын. Ауруханада жатыр. Ағайындары келіп қалмаса, скорый шақырмаса өліп қалар еді. Бұлар сектаның атын жамылған преступниктер. Мемлекет бұларға тиым салмаса болмайды. Бұлар руханияттың атын жамылған арамзалар.
Әбдиевтің үйінде табылған том-том күдікті кітаптар мен бейнетаспаларды тергеушілер тәркілеп әкетті. Бұл әдебиетпен танысқан теолог ғалымдар жағаларын ұстап отыр.
Абдолла Баһадүр, теолог:
-Жаңағы кітаптардың ішін көріп отырған кезде, барлық ағымдар жүр. Оның ішінде Вахаббизм да, Хизбут Таһрир да , Иса Мәсіх те жүр. Бұларда мемлекетке жан ашу, мемлекеттің қамын ойлау деген жоқ бұларда. Тек қана шетелге жұмыс жасау. Халықты күйрету, біздің елді ыдырату.
Иса Мәсіхтің ізін жалғастырушының көршілері де бұл үйге күдікті кісілердің жиі келетінін айтып отыр. Оларды Серік Әбдиев “бауырларым” деп атайды екен. Сектанттар осы жерде көшедегі адамдарға тарататын үгіт –парақшаларын басып шығарумен айналысыпты. Әбдиев қамауға алынғанымен, іле-шала ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылыпты. Өйткені сараптама қорытындысы шыққан жоқ. Таяқ жеген әйелі де арыз жазбаған. Енді көршілері жымысқы әрекетін қайта бастай ма деп қорқып отыр. Сондықтан іспен тезірек прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысса дейді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін