Шымкентте "Жылдың таңдаулы кәсіпкері" атты байқаудың қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "Жылдың таңдаулы кәсіпкері" атты байқаудың қорытындысы шығарылды

Шымкентте "Жылдың таңдаулы кәсіпкері" атты байқаудың қорытындысы шығарылды

28-қазанда Шымкентте "Жылдың таңдаулы кәсіпкері" атты байқау өтті. Байқауға шағын және орта бизнес саласының 200-ден астам кәсіпорындары қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасынан хабарлады.

  • 29 Қазан 2003
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Жылдың таңдаулы кәсіпкері» байқауы Шымкентте биыл осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Бұл жолы байқауды ұйымдастырған облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы ауылдағы кәсіпкерлікке баса назар аударды.

Байқау қорытындысы 13 номинация бойынша шығарылды. Биыл «Ауылдағы меценат», «Ауылдағы таңдаулы кәсіпкер», «Ауылдағы таңдаулы жас басшы», «Агралық сектордағы несиелендіру шарасын ең мықты ұйымдастырушы» деген жаңа 4 номинация қосылды.
Кәсіпорындар арасында бірінші орынға капрон жіптер өндіретін «Ред Стоун ЛТД» ЖШС (директоры Денис Ян) ие болды. Минералды су шығаратын «Кудеяров және К» (басшысы Нұрлан Кудеяров) толық серіктестігі екінші орынға көтерілді . «Ақ-ниет» (басшысы Марат Оразалиев) ЖШС үшінші орынды місе тұтты. Бұл компания дәрілік шөптер сатумен және дәріхана бизнесімен айналысады.
М.Оразалиев «Жылдың таңдаулы кәсіпкері» атағын жеңіп алды. Биыл «Ақ-ниет» ЖШС-нің таза пайдасы 8 млн. теңгеге жеткен.

Соңғы жаңалықтар