Шымкенттегі 20-дай базар қала сыртына көшіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі 20-дай базар қала сыртына көшіріледі

Шымкенттегі 20-дай базар қала сыртына көшіріледі

Шымкенттегі 20-дай базар орталықтан қала сыртына көшіріледі. Бұл туралы қалалық әкімшілікте өткен кеңесте қала әкімінің орынбасары Юрий Ен жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қараша 2004
  • 555
Фото - Caravan.kz

Әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі сауда алаңдарының сын көтермейтін мүшкіл ахуалы базарларды көшіру туралы шешім қабылдауға түрткі болды.

Сонымен бірге, Ю.Еннің айтуынша, жерлерді иеліктен шығару және базарларды көшіру шаралары заң шеңберінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер зардап шегуге тиіс емес. Шығындар толыққанды өтелінеді.
Бас жоспарға сәйкес, көлемді көтерме сауда базарлары орын тебетін төрт жер айқындалған. Олар қалаға кіре берісте орналасады. Алғашқылардың бірі болып облыстық клиникалық аурухананың жанындағы базар көшіріледі. Бұл жерде саябақ салынады деп жоспарланған.

Перейти к новостям спорта