Шымкенттегі әйелдер колониясында гинеколог пен психиатр жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі әйелдер колониясында гинеколог пен психиатр жоқ

Шымкенттегі әйелдер колониясында гинеколог пен психиатр жоқ

ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы әйелдер колониясына барған кезінде гинеколог пен психиатр-дәрігерлердің жоқтығын анықтады.

  • 23 Маусым 2011
  • 628
Фото - Caravan.kz

«Әйелдер колониясында гинеколог-дәрігер және психиатр-дәрігер жоқ. Бұл — әйелдердің денсаулығын қорғауға және сапалы медициналық көмек алуға деген конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін қажет дәрігерлер. Біз міндетті түрде бұл туралы үкімет пен әділет министрлігіне хабарлаймыз», — деді комиссияның хатшысы.

Әйелдердің алдағы амнистияның уақыты мен шарттары туралы сұрақтарына Т. Әбішев: «Тағы бір мәселе – 5 жылдан артық мерзім алған көп балалы аналар шартты түрде-мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігіне ие болсын», деп жауап берді.

Бұдан басқа, Т. Әбішев жалпы республика бойынша комиссияға түсетін шағымдардың статистикасын келтірді. «2010 жылы 1 мың 320 жазбаша шағым түсті, оның 15% — бұл екінші орын – құқық қорғау органдарының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты арыздар. Бірінші орында Қазақстан азаматтарының, басқа да тұлғалардың сот шешімдерімен келіспейтіні», — деді ол. Оның айтуынша, үшінші орында азаматтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын бұзу туралы шағымдары тұр.

Т. Әбішевтің айтуынша, комиссияға шағымдар бойынша ОҚО 5-ші орында тұр. «Оның ішінде іс жүзінде 20%ғана қуатталады», — деді құқық қорғаушы.

Т. Әбішевтің нақтылауынша, Қазақстан 14-15 шілдеде Женевада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісін орындау бойынша алғашқы ұлттық баяндамасын қорғайды. «Халықаралық сарапшылар сұрақтар қоюы мүмкін, біз өз көзімізбен көріп, оларға мазмұнды түрде жауап беруге тиіспіз», — деді адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы.

Соңғы жаңалықтар