Шымкенттегі бассейн қайтадан жұмыс істей бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі бассейн қайтадан жұмыс істей бастайды

Шымкенттегі бассейн қайтадан жұмыс істей бастайды

Жуырда Шымкенттегі жүзуге арналған жалғыз бұқаралық бассейн жөндеуден кейін жұмыс істей бастайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан мелмекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық істер жөніндегі ректорының орынбасары Дәурен Тағыбаев хабарлады.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 728
Фото - Caravan.kz

Екі бірдей бассейн орналасқан оқыту-жаттықтыру орталығындағы жөндеу жұмыстары 2003-жылдың сәуір айынан бері жүргізілуде. Оңтүстік Қазақстан мелмекеттік университетінің балансындағы оқыту-жаттықтыру орталығын жөндеуге білім ошағы 100 млн. теңгедей қаржы жұмсады.

Жөндеу жұмыстарының барысында суды химиялық тазарту және сүзгіден өткізу жүйелері алмастырылып, халықаралық стандартқа сәйкес салынған үлкен бассейн мен кіші бассейнге гидроизоляция жасалып, жаңа бу қазандығы ашылды. Сондай-ақ, жылыту құбырлары мен сантехникалық тораптары жаңаланып, киім ілгіштер жөнделді.
Қала тұрғындары ендігі жерді ежелден қалыптасқан дәстүрге сәйкес бассейнге бір мәрте немесе айлық талонмен бара алады. Қазір олардың бағасын университет мамандары есептеп жатыр. Бассейннің ашылу салтанаты 20-желтоқсанға белгіленген. Жаңа жыл мерекесі кезінде спорт кешені толыққанды жұмыс істемек.
Сөйтіп, соңғы 10 жыл бойы инженерлік-коммуникациялық жүйелерді жөндеуге қаржы тапшылығынан жұмыс істей алмаған бассейн қайтадан іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар