Шымкенттегі базарда шыққан өртпен 29 адам күресті
Шымкенттегі «Жанұя» базарында дүйсенбі күні таңертең электрлендірілген құрал-саймандарды сақтайтын және сататын екі сауда орны отқа оранды. Өрт 1 сағаттың ішінде сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 29 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 78 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін