Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің түсініктемесіне жүгінсек, самайынан оқ тиген он бірінші сынып оқушысының мәйіті тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Шымкенттегі бір ақша айырбастау бөлімінен табылған. Қаза тапқан жасөспірім осы бөлімде жұмыс істеген екен.
Кісі өлтіру оқиғасы тонаушылық мақсатымен жасалған деген күдік бар. Қазір ұрланған ақшаның көлемі анықталуда. Сонымен бірге тәртіп сақшылары кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімді ақша айырбастау бөліміне кім жұмысқа алғанын анықтау үстінде.