Еске салайық, жан түршігерлік жол апаты кеше Ташкент тас жолында болды. Қазығұрт ауылының маңында «Форд-транзит» шағын автобусы мен «Тойота» жеңіл көлігі соқтығысты. ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, шағын автобустың жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Екі жүргізуші де апат орнында көз жұмды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Оқиға салдарынан барлығы 6 адам мерт болып, тағы 15-і ауруханаға жатқызылды. Олардың төртеуі балалар.