Шымкенттегі медициналық мекемеде екпе алған полиция қызметкері ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі медициналық мекемеде екпе алған полиция қызметкері ажал құшты

Шымкенттегі медициналық мекемеде екпе алған полиция қызметкері ажал құшты

Медициналық орталыққа шипа іздеп барып, керісінше қайтыс болды. Шымкенттегі жеке медициналық мекемеде емделмекші болған 29 жастағы азамат өмірден озды.

  • 27 Қыркүйек 2018
  • 47
Фото - Caravan.kz

Орталықтың медбикелері осылайша алдына аман келген «пациенттен» айырылып қалды деп жазады Otyrar.kz.

Қаладағы Ә. Молдағұлова көшесінің бойындағы дәріхананың қасынан емдеу бөлмесін ашып алған кәсіпкердің басы дауға қалды. Осында бұрылған ерлі-зайыптылар дәрігер берген тағайындау бойынша, екпе қабылдауға келген. «Пациентке» дәрі-дәрмек салар алдын сынама жасалынбаған, — дейді қайтыс болған азаматтың туыстары.

Нұршат Байшымырова, марқұмның туысы: «Нұсқауды осы мекеменің дәрігері берген. Оның лицензиясы бар ма? Жоқ па? Оны білмейміз. Медбике алдында өтірік айтты екпе жасамадық деп. Кіріп барсам, жанбасында иненің ізі тұр. Қанның да ізін көрдім. 4 күн бұрын келгенде «проба» саламыз деген. Бүгін реакция болмайды дегенде, сынамасыз (без пробы) екпе жасаған».

Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен криминалистер келді. Біраз уақыттан соң, тергеушілер үш қара палиэтилен «пакетін» алып шықты. Осы қара «пакеттің» ішінде тәркіленген дәрі-дәрмектер, дейді қаза болған жігіттің туыстары.

— Екі пакет «укол» алып келген. Осыны қабылдасаңыз, әйеліңіз туады деген. Келіншегі гинекологияға кіріп кеткен. Бұның жанбасына 6 «шприц» салған. Сол кезде, ол: «Асия мен бір түрлі, жаман сезініп бара жатырмын», — деген. Сөйтсе, дәрігер тағы да жатқызып, «система» салған. Сол кезде жігіт «кетіп» қалған».


Әзірге орын алған қайғылы оқиға бойынша Шымкент қалалық ІІД-не сұраным хат жолданды.

Айта өтейік, қайтыс болған жігіт те Ішкі істер органында жұмыс жасаған. 30 жасқа келіп, перзент сүюді армандаған бұл отбасы айдың-күннің аманында, осылайша отағасынан айрылып қалды. Ал демі қысылып, тіл тартпай кеткен полиция қызметкері — марқұмның денесін тәртіп сақшылары мәйітханаға әкетті.

Соңғы жаңалықтар