Таңертеңгі сағат 9-да полицияға қонақ үйдің үшінші қабатының балконында екі еркектің көрпеге буынып өлгені туралы телефон қоңырауы келіп түсті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тіркеу туралы құжатта өтірік ат көрсетілгендіктен, өлген адамдардың аты-жөні әзірге анықталған жоқ. Бір белгілісі, екі адам да Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары.
Қонақ үй бөлмесінен дәптер бетіне қанмен жазылған хат табылды. Онда әлгі адам анасынан кешірім сұрап, бір қызға ғашықтығын жария еткен. Бұл қағазды кім жазғаны белгісіз. Қайтыс болған бір адамның қолы өткір затпен кесілген екен.
Қазір Шымкент полициясының 3-бөлімінің қызметкерлері тергеу жүргізуде.