Шымкенттегі ИЧ 167/10 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталушы ғашығы үшін колониядан қашты.
36 жастағы ер адам 22 мамырда қашты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы otyrar.kz-ға сілтеме жасап.
Ол жазасын өтеп жүргенде әйелмен хат арқылы танысқан. Түрмеден қашып кетіп, кездесуге бармақ болған.
"Жедел топ бірден қашқынды іздеуге кірісті. Полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері жұмылдырылды. Бір жарым күннен соң ер адамның Тоғыс ауылында екені анықталды. Түзеу мекемесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта изоляторға қамалды", — деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесінің Шымкент қаласындағы департаменті.
Іс материалдары сотқа жіберілген. Колония жетекшілігіне қатысты тергеу басталды.