Тілсіз жауды ауыздықтауға өртке қарсы қызметтің 12 техникасы мен жеке құрамның 55 қызметкері жұмылдырылған. Соның нәтижесінде тұтанған өртті таңғы сағат 5-те толық өшірген.
Абырой болғанда, тілсіз жау өзге ғимараттарға өтіп үлгермеген. Сондай-ақ бұл уақытта клубта демалушылар болмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себеп-салдары тексеріліп жатыр.