Шымкенттен Семейге келген баладан ВИЧ індеті анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттен Семейге келген баладан ВИЧ індеті анықталды

Шымкенттен Семейге келген баладан ВИЧ індеті анықталды

СЕМЕЙ. 18-қазан. Kazakhstan Today. Шымкенттен Семейге келген омыраудағы баладан ВИЧ індеті анықталды. Бұл туралы Семей қалалық СПИД-пен күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтың эпидемилогиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Наталья Сахнова хабарлады.

  • 18 Қазан 2006
  • 387
Фото - Caravan.kz

Бала қазір қаладағы бір ауруханада бақылау астында емделуде.

Н.Сахнованың айтуынша, Шымкенттен келген балаға үш түрлі зерттеу тағайындалған. Олардың екеуінде диагноз расталды. Үшінші сынама СПИД-пен күрес және оның алдын алу жөніндегі республикалық орталықтың тексеруіне жолданды. Бүгін бұл орталықтан бала расында да індет жұқтырған деген жауап келді.

Н.Сахнованың айтуынша, бала Семейде емделе береді. Оған ақысыз кепілдендірілген медициналық көмек көрсетіліп, 8,8 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 76 бала мен 8 әйелден ВИЧ індеті анықталды. Жеті бала қайтыс болып, біреуін АҚШ азаматтары асырап алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта