Басты кейіпкер — өз елінің азаттығы үшін арпалысқан Сауран есімді жігіт. Туынды авторлары осы арқылы Қазақстанның басты рәміздерінің бірі – қанатты барысты дәріптеуді мақсат тұтыпты. Анимациялық дүниені жасауға 7 жылдай уақыт жұмсалғандықтан қазір оған кеткен қаржыны нақты есептеу қиын. Мультфильмді биыл 11 жылдық мерейтойын атап жатқан Шымкенттегі жекеменшік анимациялық студия өз қаражатына түсіріпті. Олар осы уақыт ішінде санасы селдір, буыны бекімеген өскелең ұрпаққа бағытталған 20-дан астам туынды шығарған.
Нұриддин Пәттеев, режиссер:
— Егер біз күнде қазақша мультфильмдерді көбейтіп, осы ұлтжандылық тәрбие, отансүйгіштікке тәрбиелейтін мультфильмдерді көптеп көрсететін болсақ, бүкіл Қазақстанның халқын таза ұлтжандылыққа, Қазақстанды, Отанды сүюге тәрбиелеп өсіретін едік.