Шымкенттік азамат дәмханаға «Калашников» автоматымен келген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік азамат дәмханаға «Калашников» автоматымен келген

Шымкенттік азамат дәмханаға «Калашников» автоматымен келген

Шымкенттіктер тамақтануға қарумен баратынды шығарыпты. Қаладағы дәмханалардың бірінде 33 жастағы азамат ұсталды. Ол қоғамдық тамақтану орнына оқшантайында оқ-дәрісі бар «Калашников» автоматымен келген.

  • 15 Қараша 2012
  • 500
Фото - Caravan.kz


— Мынана қайдан алдыңыз?

— Тауып алдым.

— Қайдан?

— «Эви» маңынан.

— Қашан?

— Бір сағат бұрын.

— Неге полицияға хабар бермедіңіз?

— Сол жаққа бара жатқанмын.

Қару спорттық үлгідегі сөмкеге салынған екен. Жанынан тәртіп сақшылары автомат оқтарын да тапты. Күдікті бұл қаруды тауып алғанын айтады. Тіпті оны полицияға да апара жатқан екен. Бірақ, жолда қарны ашып, тамақтануға кірген. Батылдық үшін ащы судан да татып алыпты. Осы оқиға бойынша «заңсыз қару сақтау және алып жүру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар