Шымкенттік эпидемиолог мамандар осындағы "31 телеарна" ғимаратынан табылған ақ ұнтақты зерттеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік эпидемиолог мамандар осындағы "31 телеарна" ғимаратынан табылған ақ ұнтақты зерттеуде

Шымкенттік эпидемиолог мамандар осындағы "31 телеарна" ғимаратынан табылған ақ ұнтақты зерттеуде

Шымкентте "31 телеарна" ғимаратынан табылған ақ ұнтаққа бактериологиялық және химиялық зерттеулер жүргізілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Наурыз 2004
  • 525
Фото - Caravan.kz

Ақ ұнтақ салынған конвертті телестудия қызметкерлері 4-наурыз күні кешкісін тауып алған. Облыстық СЭС мамандары ұнтақты сол жерде тез арада «күйдіргіге» зерттеді. Зерттеулер дәлелденбегеніне қарамастан, оны ұстаған екі адам дәрігерлік бақылау мақсатымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Ал мамандар табылған ақ ұнтақты зерттеуді одан әрі жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар