Шымкенттік колледж студенті курстасына пышақ салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік колледж студенті курстасына пышақ салды

Шымкенттік колледж студенті курстасына пышақ салды

Шымкенттік колледждің студенті өзінің курстасына бірнеше пышақ жарақатын салды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

  • 29 Қазан 2015
  • 532
Фото - Caravan.kz


Бұл оқиға 10.30 шамасында шымкент көшелерінің бірінде болған. Аулада жігіттер пышақтасып жатқаны туралы Шымкент ІІБ-ның Абай полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабар келіп түсті. Полицейлер оқиға орнынан иығынан, белінен  және тізесінен жарақаттанған 17 жасар жасөспірімді тапты. Ол дереу ауруханалардың біріне жеткізілді.

Тәртіп сақшылары пышақ жарақатын салған күдіктіні жылдам тауып алды. Ол зардап шегушінің курстасы болып шықты. Олардың екеуі де шымкенттік колледжде оқып жүрген. Ұсталған жігіт зардап шегушіні жақтырмайтын себептермен пышақ салғанын айтты. Айғақ ретінде пышақ тәркіленді. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 107-бабымен («Денсаулыққа орташа дәрежелі қасақана зақым келтіру») сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар