Шымкенттік көпбалалы аналар алтыннан алқа тақты
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен көпбалалы аналарға алтын және күміс алқалар табыс етілді. |
Бұл туралы облыс әкмідігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Бүгінге дейін аудан аумағында 503 көпбалалы ана «Алтын алқаға», 715 көпбалалы ана «Күміс алқаға» құжаттарын тапсырған болатын. Осыған орай Еңбекші ауданының әкімі Ә. Құртаев салтанатты түрде 499 ананы «Алтын алқамен», 699 ананы «Күміс алқамен» марапаттады. Аудан әкімі асыл жандарды құттықтай отырып, олардың еліміздің қарқынды дамуы мен демографиялық ахуалын жақсарту жолында қосқан сүбелі үлестері үшін алғысын білдірді. Ардақты аналар да арнайы марапатқа шын жүректен разылықтарын білдіріп, ақ баталарын аямады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін