Шымкенттік шенеуніктер кеміргіштерге қарсы күреске білек сыбана кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік шенеуніктер кеміргіштерге қарсы күреске білек сыбана кірісті

Шымкенттік шенеуніктер кеміргіштерге қарсы күреске білек сыбана кірісті

«Шымкентте атжалмандар адамға шабуылдап жатыр». Осылай дабыл қаққан шымкенттік шенеуніктер кеміргіштерге қарсы күреске білек сыбана кірісті. Оларды жоюға соңғы он жылда қаржы бөлінбегендіктен, жағдай тым ушығып кеткен. Биыл ғана қазынадан қаржы бөлінгенімен, мамандар «уақыт ұттырып алдық» деп отыр.

  • 31 Мамыр 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

Шымкенттік шенеуніктер арнайы жиында алдағы «шайқастың» стратегиясын талқылап отыр. Жергілікті  атқамінерлер атжалмандарды жоюға қазынадан қомақты қаржы бөлінгеніне қуанышты. Өйткені шаһарда кеміргіштермен күресуге соңғы он жылда мұндай қаржы қаралмағандықтан, бүгінгі жағдай ұшығып тұр.

Өмірзақ  Мелдеханов, «Нұр Отан» ХДП Шымкент бөлімшесінің төрағасы:

— Жертөлеге түскен иттерге дейін жеп қойып жатыр. Қазіргі күнде  тіпті адамға шабатын болды!

Соңғы жылдары қалада көбейіп кеткен кеміргіштер адамнан да қорықпайтын болған. Қамбаны кеміріп жатқан атжалмандармен тұрғындар өздігінше күресіп те жатыр. Әзірге ауыз толтырып айтарлық нәтиже жоқ.

Бақыт Есенбекова, Шымкент қаласының тұрғыны:

— Жойылмайды, біреуі жесе, сол біреуі өледі, қалғандары жүре береді. Сөйтіп
көбейе береді. Сарай жаққа балаларды жіберуге қорқамыз.

Енді атжалман, егеуқұйрық секілді зиянкестермен күресуді шаһар басшылары мықтап қолға алмақ. Алайда мамандар қомақты қаржы делініп отырған 43 миллион теңгенің де жеткіліксіз екенін айтады. 

Әділхан Сұлтанбеков, «Шымкентдезинфекция» ЖШС-нің директоры:

— Қазір бізге  500 миллионнан артық ақша керек. Уақтылы қимылдағанда  құтылатын едік. Екіншіден, қаржы мәселесін үнемдейтін едік.

Қазір залалсыздандыру қызметінің өкілдері Шымкент шаһарындағы кеміргіштердің інін біртіндеп дәрілеп жүр. Ал осы іспен айланысып жүрген тәжірибелі мамандар алдымен қаланы қоқыстан тазартпайынша,бұл шарадан нәтиже шығатынына күмәнмен қарайды.   

Соңғы жаңалықтар