Шымкенттік волейболшылар Жоғарғы лиганың А тобында ерлер командалары арасында көш бастап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік волейболшылар Жоғарғы лиганың А тобында ерлер командалары арасында көш бастап келеді

Шымкенттік волейболшылар Жоғарғы лиганың А тобында ерлер командалары арасында көш бастап келеді

Ақпанның 20-27 күндері Қызылжарда волейболдан Жоғарғы лиганың А тобында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары өтті.

  • 28 Ақпан 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz


Онда Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы ұпай қорын 54-ке жеткізіп, турнир кестесіндегі көшбасшылықты өз қолына берік ұстай түсті. Олар бұл турнирде жарыс қожайындарының «Есіл-Викториясына» ғана 1:3 есебімен есе жіберген болатын. Қазір Оралдың «Жайық-Конденсатында» — 45, Астананың «Ұшқын-Искрасында» — 39, Павлодарлық «Ертіс» мен Қызылжардың «Есіл-Викториясында» — 38 ұпай бар. Өз алаңында сәтті өнер көрсеткен «Есіл-Виктоия» өз көрсеткішін айтарлықтай жақсартты. Олар бұл сайыста тек павлодарлықтардың (1:3) ғана осал тұсын таба алмады. Ал «ЦСКА-Алматы» (16), «Атырау-2» (14) және тағы бір алматылық команда — «ҚазНАУ» (8) көш соңында келеді. Ел чемпионатының келесі туры енді 18-26 наурызда Шымкентте өтеді.