Шымкенттік заңгер облыс әкімін тікелей эфирде дебатқа шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік заңгер облыс әкімін тікелей эфирде дебатқа шақырды

Шымкенттік заңгер облыс әкімін тікелей эфирде дебатқа шақырды

Оңтүстікқазақстандық белгілі заңгер облыстың әкімі Жансейіт Түймебаевты тікелей эфирде дебатқа шақырды. Ол әкім тұрмақ, оның қоластындағы қызметкерлерінің алдына кіре алмай жүргеніне күйініпті.

  • 6 Желтоқсан 2017
  • 4648
Фото - Caravan.kz


Айгүл Орынбек бұл туралы Фейсбуктегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Caravan.kz. Медиа-портал заңгердің жазбасын қаз-қалпында жариялап отыр.

Маған жан-жақтан звондап, қорқытудың қажеті жоқ! Егер облыста жұмыс жақсы жүріп жатса, халықтың проблемасын осылай тізіп, ел алдына шығарар ма едім?!
"Шағымыңызды айтып, алдына кірмейсіз бе?",-деп маған өкпелеудің де қажеті жоқ!
Шағымын айтып кірген халықтың мұң-зары қаралып жатқаны шамалы.
Əкім тұрмақ, қол астындағы қызметкерлерінің алдына кіре алмай жүргеніме бақандай үш ай болды.
Облыстық білім басқармасы басшысының алдына кіру қиынға айналғанда, əкімдіктің алдына қонуым керек шығар мүмкін.
Жалпы маған келіп түскен шағымдарды əлеуметтік желіде жазу арқылы ғана шешуге болатын сияқты.
Елбасымыздың жолдауында «халықпен ашық жұмыс істеп, халыққа жақын болыңдар" деп айтылған.
Ал біздікілер кабинеттерінде қамалып, тығылып отырады. Сол себептен Оңтүстік халқының проблемасын Фейсбук желісінде әкіммен кездесіп, тікелей эфир арқылы шешуге шақырамын!
Сосын облыс әкімдігінен қоқан-лоқымен шығып, қорқытып жатқан жігіттер! ҚР Конституциясы бәрімізге ортақ! Мен өзімнің азаматтық позициямды жеткізіп отырмын. Сендер жұмыс істесеңдер, мен бұлай шырылдамас едім.
Сендер халықтың проблемасын шешу үшін ақша алып отырсыңдар!