Шымкенттің әкімшілік орталығы қаланың солтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі - газет - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің әкімшілік орталығы қаланың солтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі - газет

Шымкенттің әкімшілік орталығы қаланың солтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі - газет

Шымкент. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әкімдік Шымкенттің әкімшілік орталығын қаланың солтүстік-батыс бөлігіне көшіру жөніндегі идеяға қайта оралды. Бұл туралы Шымкенттің бас сәулетшісі Есболай Жанбатыров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Панорама Шымкента" газетіне сілтеме жасап.

  • 20 Қазан 2008
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Жаңа әкімшілік орталық солтүстік-батыста, бұрынғы «Қайнар» мейрамханасының артында айналмаға дейін созылады. Ол алты мың гектар аумақты иемденетін болады. Ол жаққа әкімдіктер, мемлекеттік мекемелер мен кеңселер көшіріледі», — деді Е. Жанбатыров.

«Қазір 35 мың гектар аумақты алып жатыр, жаңа бас жоспарға сәйкес оның аумағы 65 мың гектарға дейін өседі. Ол қалаға іргедегі аудандардан қосымша жер қосу арқылы ұлғайтылмақ», — деді Е. Жанбатыров.

Жаңа бас жоспардың басты идеясы логистикалық орталық ққруға саяды. Жаңа бас жоспардың тұсаукесері осы жылдың желтоқсан айында жасалады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар