Шымкенттің бір тұрғыны туыстарым баспана тауып бермесе, өзімді-өзім өртеймін деп жұртты дүрліктірді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің бір тұрғыны туыстарым баспана тауып бермесе, өзімді-өзім өртеймін деп жұртты дүрліктірді

Шымкенттің бір тұрғыны туыстарым баспана тауып бермесе, өзімді-өзім өртеймін деп жұртты дүрліктірді

Шымкенттің бір тұрғыны туыстарым баспана тауып бермесе, өзімді-өзім өртеймін деп жұртты дүрліктірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Қараша 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

24-қараша, сейсенбіде 25 жастағы Мақсат өртке қарсы күрес қызметіне телефон қоңырауын шалып, көп қабатты үйдегі пәтердің іші мен үсті-басына жанармай шашып, өзін-өзі өртегелі жатқанын хабарлады.

Көрсетілген мекен-жайға өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем тобы келіп жетті. Пәтер есінін ішінен кілттеп алған Мақсат пәтерді жуырда сатып жіберіп, өзін баспанасыз қалдырған туыстары келмесе, өзін-өзі өртейтінін айтып қорқытты.
Арадағы келіссөздер үш сағатқа созылып, сол уақыт ішінде барлық шұғыл қызметтер сақадай сай тұрды. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері үйге жіберілетін көгілдір отынды жауып, тұрғындарды басқа жаққа көшірді. Бір туысы келгеннен кейін ғана әрең көнген жігіт есікті ашуға келісті. Қазір жігіттің ақыл-есінің дұрыстығын анықтауға бағытталған сараптама жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта