Көшелерді тазарту және тұрғын-үй эксплуатациялық қызметтерімен шұғылданатын «ЛТД Тұрмыс» коммуналдық компаниясының қызметкерлеріның айтуынша, жалақы берешегі 27 млн теңгені құрайды.
Журналистердің ақпаратына сәйкес, қалалық әкімдік өкілдері жиналғандарды берешек бүгін кешке, немесе, ертең таңертең өтеледі деп сендірді. Дәлел ретінде қазір 25 млн теңге банктегі есепшотқа аударылғаны айтылды. Алайда, жұмысшылар уәделерден шаршадық, сенбіміз деп отыр. Олар ақпан айынан бері жалақы алмаған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қалалық жылу желілеріне қызмет көрсететін «Қуатжылуорталық» ҚКК қызметкерлері де ақпан айынан бері жалақы алмаған. Бүгін ҚКК қызметкерлері агенттік тілшісіне жалақыны бүгінге дейін төлемегенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті