Шымкенттің орталығындағы ескі ғимарат өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің орталығындағы ескі ғимарат өртенді

Шымкенттің орталығындағы ескі ғимарат өртенді

Шымкенттің орталығындағы ескі ғимарат өртенді. Тілсіз жау таң ата 5.56 шамасында орын алған, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

  • 5 Шiлде 2017
  • 271
Фото - Caravan.kz

«Жалын 516 шаршы метр алаңды шарпыған. Соның салдарынан ғимараттың қабырғалары мен шатырын құлатқан. Өртті ауыздықтауға 17 теxника мен 113 сөндіруші, сондай-ақ "ЛТД тұрмыс" мекемесінің 2 су тасығыш теxникасы жұмылдырылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД.

Өрт сөндіру жұмыстары кезінде 1 қызметкер жарақат алып, жедел жәрдем ауруxанасына жатқызылды. Оған тиісті емдеу шаралары жасалып, диагнозы нақтылануда. Екі сағаттан аса жалынмен арпалысқан сөндірушілер жалынды 7.37 — де сөндіре адды. Ғимараттың басым бөлігі жанып кетті.

Айта кетейік, ескі ғимарат 1940 жылы салынған. Онда соңғы кезде адвокаттар алқасы мен Әл-Фараби аудандық әкімдігі отырған еді. Өткен жылдан бері ғимарат апатты деп танылып, босатылған болатын.    


Перейти к новостям спорта