Шымкенттің шенділері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын да «майшелпекке» айналдырған - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің шенділері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын да «майшелпекке» айналдырған

Шымкенттің шенділері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын да «майшелпекке» айналдырған

Шымкентте жаңа басталған мемлекеттік бағдарлама төңірегінде шу шықты. «Жұмыспен қамту-2020» шарасы аясында азаматтар жалған жұмыстарға орналастырылып, оларға жалақы да төленіп отырған.

  • 21 Қараша 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz


Мемлекеттік бағдарламаның орындалуын ішінара тексергеннің өзінде екі қолға бір күрек таппай жүргендерді кәсіппен қамту барысы май шелпекке айналғаны анықталып отыр. Бір ғана Шымкентте жасалған 7 мыңға жуық келісім-шарттың біразы жалған боп шыққан. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мамандары жұмыссыз жүрген азаматтарға сырттай келісімшарт жасапты. Сөйтіп бірнеше кәсіпорынға мемлекет есебінен қаржы аударылып отырған. Ал жұмыссыздар өздерінің қызметке орналастырылғанынан мүлдем бейхабар болыпты. Осы дерек бойынша қазір 3 кәсіпорын мен 5 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеру әлі де жалғасуда.