Шымкетте 14 жастағы мектеп оқушысы қарақшылығы үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкетте 14 жастағы мектеп оқушысы қарақшылығы үшін ұсталды

Шымкетте 14 жастағы мектеп оқушысы қарақшылығы үшін ұсталды

Шымкетте 14 жастағы мектеп оқушысы қарақшылығы үшін ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне полицияның екінші бөлімінің шұғыл уәкілі Айдос Есенбаев хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2003
  • 471
Фото - Caravan.kz

23-желтоқсанда Шымкенттегі бір орта мектептің 7-класс оқушысы қаладағы бір кинотеатрдың жанында алтыншы класс оқушысына қарақшылық шабуыл жасаған. Пышақ көрсетіп қорқытқан ол жәбірленушіден 3 мың теңге мен ұялы телефонын тартып алған. Шұғыл шаралар нәтижесінде полицияның екінші бөлімінің қызметкерлері балғын қылмыскерді ұстап алды. Одан айғақ заттар алынды.

Ұсталған жасөспірімнің айтуынша, ол «қаржылық ахуалын жақсарту үшін» қарақшылық шабуылға барған.
Қазір тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалып, оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «қарақшылық шабуыл » туралы 179-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар