Шындықты айтатын болсақ, ОДКБ өлі ұйым екенін көрсетті - саясаттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шындықты айтатын болсақ, ОДКБ өлі ұйым екенін көрсетті - саясаттанушы

Шындықты айтатын болсақ, ОДКБ өлі ұйым екенін көрсетті - саясаттанушы

Саясаттанушы Асхат Қасенғали ҰҚШҰ-ның ғұмыры ұзаққа бармауы мүмкін екенін айтты. 

  • 19 Қыркүйек 2022
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Армян-Әзірбайжан қақтығысынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Арменияда «ОДКБ-дан шығайық» деген ұранмен мыңдаған адам жиналған митинг өтуде. Шындықты айтатын болсақ, ОДКБ өлі ұйым екенін көрсетті, ал Арменияның ОДКБ-ға өкпесі қара қазандай. ОДКБ-дан әскер сұрады, бермеді. Бермегені бізге жақсы. Ереван ОДКБ-ның өзіне көмектеспесін білді, көрді. Енді векторды ақырындап басқа бағытқа өткізуге тырысып жатыр. Бүгін Арменияға атышулы Нэнси Пелоси келді. Ол Арменияны қолдайтынын айтты. Армяндар Путиннің суреті ілінген плакаттарды алып тастап, Нэнсидің суреттерін іліп жатыр. Ереванның қақ ортасында Ресей мен Армения туы тұратын алаңда, АҚШ пен Арменияның туын қойып, Украинаның туын көтеріп митинг жасауда.

Жақында Пашинян ШЫҰ отырысына келуі тиіс еді. Бірақ келмеді. Сарапшылар оның келмеуі шындығында векторды өзгерткісі келетінін айтады дейді. Не болса да қызық болып жатыр.


ОДКБ-ның мүшесі саналатын қырғыз-тәжік қырқысып жатыр. Бұл ұйым тіпті өз ішін реттей алар емес. Сөйте тұра «НАТО-ға бәсекелес дейді Ресей әскери сарапшылары». Қысқасы бұл ұйымның ғұмыры ұзаққа бармайтын сияқты", деді саясаттанушы.