Шыңғырлау ауданының өнерпаздары Прагада өткен халықаралық байқаудан табысты оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңғырлау ауданының өнерпаздары Прагада өткен халықаралық байқаудан табысты оралды

Шыңғырлау ауданының өнерпаздары Прагада өткен халықаралық байқаудан табысты оралды

Шыңғырлау аудандық музыка мектебінің «Жас толқын» фольклорлық ансамблі (көркемдік жетекшісі Ернар Өмірәлі) Прагада өткен халықаралық «Прагадағы жұлдызды жаңбыр» фестиваль-байқауынан табыспен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 20 Тамыз 2010
  • 605
Фото - Caravan.kz

Музыка мектебінің директоры Айман Оразалина бастап барған өнерпаздардың ішінен халық аспаптарында жеке орындау бойынша Қаршыға Ахмедияровтың «Қосбасары» мен халық күйі «Ел айрылғанды» орындаған Абай Оразалин бірінші орынды жеңіп алды. Құрманғазының «Саранжабы» мен Дәулеткерейдің «Құдашасын» шетелдіктер алдында орындаған фольклорлық ансамбль екінші орынды иеленді. Сондай-ақ ансамбль құрамындағы «Алтын дән» әншілер тобы да көзге түсіп, төртінші орынға табан тіреді.

Аталмыш өнер ұжымы 2009 жылы Алматыда өткен республикалық VI «Ақкөгершін» балалар шығармашылығы байқауында бірінші орынды еншілеген болатын. Енді, міне, жаңа табыс биігіне шығып отыр.

Өнерпаздарды аудан әкімі Айболат Сейтақов қабылдап, ризашылығын білдірді.