Шыңғырлауда Социалистік Еңбек Ері М.Ержановты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңғырлауда Социалистік Еңбек Ері М.Ержановты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті

Шыңғырлауда Социалистік Еңбек Ері М.Ержановты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті

БҚО-ның Шыңғырлау ауданында белгілі диқан, Социалистік Еңбек Ері Манат Ержановты еске алуға арналған бокстан дәстүрлі турнир өтті.

  • 13 Қаңтар 2012
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бірнеше жылдан бері «Жарас» шаруа қожалығы ұйымдастырып келе жатқан жарысқа бұл жолы Орал қаласы мен облыс аудандарынан, сондай-ақ Ақтөбеден, Ресейдің Соль-Илецк, Новотроицк қалаларынан балғын спортшылар қатысты. Екі күнге созылған турнир барысында жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген боксшылар 16 салмақ дәрежесінде күш сынасты. Сайысқа қыздар да қатысты. Жарыста шыңғырлаулықтар ерекше өнер көрсетіп, олардан он бір боксшы финалға шықты.

Жалпы, бокс Шыңғырлауда жақсы дамыған. Мұнда қазірдің өзінде 100-ден астам жеткіншек бокстың қыр-сырына қанығуда.

Жыл сайын ауданда белгілі бокс шебері, өмірден ерте кеткен Еділ Ешекеновті еске алуға арналған халықаралық турнир де ұйымдастырылып келеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера