Шыңғырлауда «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: қоғамдағы әйелдің ролі» атты конференция өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңғырлауда «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: қоғамдағы әйелдің ролі» атты конференция өткізілді

Шыңғырлауда «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: қоғамдағы әйелдің ролі» атты конференция өткізілді

БҚО-ның Шыңғырлау ауданында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Шыңғырлау әйелдері» қоғамдық бірлестігі «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: қоғамдағы әйелдің ролі» атты конференция өткізді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 366
Фото - Caravan.kz

Оған Орал қаласы мен облыс аудандарынан өкілдер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Аталмыш қоғамдық бірлестік төрайымы Айсұлу Арыстанова әйелдердің аудан өміріндегі орнына тоқталса, облыс әкімі жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Светлана Әлмұханова БҚО-дағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік саясат жөніндегі стратегиялық жоспардың орындалу барысы жайында баяндап берді.

Конференцияға қатысушылар әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыруға арналған қорытынды құжат қабылдап, Л.Қылышев атындағы Шілік орта мектебінде, №7 кәсіптік лицейде болды. Достық үйінде ұлттық-мәдени орталықтар мүшелерімен кездесті.

Соңғы жаңалықтар