"Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын": Париж олимпиадасының қола жүлдегері әлі ешқандай сый-құрмет көрсетілмегенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын": Париж олимпиадасының қола жүлдегері әлі ешқандай сый-құрмет көрсетілмегенін айтты

"Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын": Париж олимпиадасының қола жүлдегері әлі ешқандай сый-құрмет көрсетілмегенін айтты

Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев елге оралғаннан кейін әлі ешқандай сый-құрметке бөлелмегенін айтты.

  • 13 Тамыз
  • 24
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нысана көздеу спортынан Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ислам Сәтбаев жүлдесі үшін сыйлық алмағанын, елге келген соң өмірі аса өзгере қоймағанын айтты.

“Мен – әскери адаммын, Армия орталық спорт клубының қолдауы қатты сезілді. Олар дайындыққа да, құралмен жабдықтауға да көп көмек етті. Ең күшті сый – жақындарымның күтіп алуы. Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын», — деді спортшы.

Айта кетейік, Ислам Сатпаев Александра Лемен бірге аралас жұптық сайыста Париж олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.