Жарияланды: 360

Шыршаны заңсыз кескен азаматтар мемлекетке 500 мыңға жуық шығын келтірді

Ішкі істер министрлігі ормандарды қорғау органдарымен бірлесіп жаңа жыл қарсаңында заңсыз кесілетін қылқан жапырақты ағаштарды сақтап қалу шарасын өткізіп жатыр. Желтоқсанның 15-інде басталған бұл шара айдың соңына дейін жалғасады.

«Биылғы жылдың 25-желтоқсанындағы мәліметтерге сүйенсек, заңсыз шырша кесуге қатысты 21 факті және 1 заңсыз тасымалдау фактісі тіркелді. Аталған фактілер бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды. Заңды бұзған 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларды 48 мың 468 теңге айыппұл өндірілді. 22 шырша тәркіленді. Жалпы 500 мың теңгеге жуық шығын келтірілді», - деп сәрсенбі күнгі брифингте ІІМ баспасөз қызметі жетекшісі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. Оның айтуынша, жолдар мен бекеттерде және базарларда 454 мобильді топ құрылды. Сонымен қатар, елді мекендерде Ресейден шырша әкеп сатушыларды бақылау жүріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін