«Биылғы жылдың 25-желтоқсанындағы мәліметтерге сүйенсек, заңсыз шырша кесуге қатысты 21 факті және 1 заңсыз тасымалдау фактісі тіркелді. Аталған фактілер бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды. Заңды бұзған 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларды 48 мың 468 теңге айыппұл өндірілді. 22 шырша тәркіленді. Жалпы 500 мың теңгеге жуық шығын келтірілді», — деп сәрсенбі күнгі брифингте ІІМ баспасөз қызметі жетекшісі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.
Оның айтуынша, жолдар мен бекеттерде және базарларда 454 мобильді топ құрылды.
Сонымен қатар, елді мекендерде Ресейден шырша әкеп сатушыларды бақылау жүріп жатыр.