Нұрболат Абдуллин тағы да елдің ашуына тиді. Әнші жартылай жалаңаш денесін көрсетемін деп елден сөз естіді, деп жазады Stan.kz.
“Сені әжептеуір қазақтың маңдайына біткен жігіт деп жүрсем… Шырыннан қай жерің артық? Адам болшы”, “Сен өзі тәрбиеден қағылғансың-ау бауырым, саған ұят”, “Шырынның ағасы ма деп қалдым”, “Мынау не масқара”, “Жиіркенішті”, – деп жазды желідегілер.
Алайда тағы бір оқырмандар суреттегі жігіттің Нұрболат екеніне күмән келтіріп, оны жақтап шықты.
“Нұрболаттың денесін көріп алып па едіңдер”, “Ол емес, мүлде басқа адам шығар”, “Қайдан білесіңдер, жай бір актердің суреті шығар”, – деп ақтады олар.