ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы атқарушы комитеті мен ҰҚШҰ Хатшылығы өзара түсіністік туралы хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы атқарушы комитеті мен ҰҚШҰ Хатшылығы өзара түсіністік туралы хаттаманы бекітті

ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы атқарушы комитеті мен ҰҚШҰ Хатшылығы өзара түсіністік туралы хаттаманы бекітті

Бүгін Астанада ШЫҰ-ның аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының атқарушы комитеті мен ҰҚШҰ-ның хатшылығы өзара түсіністік туралы хаттаманы бекітті.

  • 14 Маусым 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

Аталған құжатқа ШЫҰ аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры Жеңісбек Жұманбеков пен ҰҚШҰ Бас хатшысы Ноколай Бордюжа қол қойды.

Қол қою рәсімінен кейін Ж. Жұманбеков екі ұйым арасындағы лаңкестікпен және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес тұрғысындағы жалпы күш-жігерді жұмылдырып, бейбіт халықты осы қатерден сақтандыруға ерекше маңыз беріп отырғандығын атап өтті.

Өз кезегінде Н. Бордюжа ҰҚШҰ үшін Орталық Азия аймағында лаңкестікпен күрсе мәселелері ең маңызды бағыттардың бірі екенін жеткізді. «Бүгінгі хаттама біздің күш-жігерімізді бұдан әрі қарай тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Біз бұл проблеманың күрделілігін байқап отырмыз»,-деді ол.

Сондықтан да оның нормативтік бекітілуі екі ұйым арасындағы ортақ күш-жігердің тиімділігін арттырудың негізі болмақ.

Соңғы жаңалықтар