Жарияланды: 460

ШЫҰ Бас хатшысы қазақстандық журналистерді мерейтойлық медальдармен марапаттады

ШЫҰ Бас хатшысы қазақстандық журналистерді мерейтойлық медальдармен марапаттады

Бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жаңа Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев Бейжіңде ұйымның дамуына қосқан үлестері үшін журналистерді мерейтойлық медальдармен марапаттады.

Қазақстандық, қытайлық, ресейлік және бірқатар шетелдік БАҚ-тардың өкілдеріне «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына 10 жыл» мерейтойлық медальдары табыс етілді. ШЫҰ қызметін ақпараттандырудағы үлесі үшін «ҚазАқпарат» агенттігі құрметті наградамен марапатталды. Марапаттау рәсімінен кейін ШЫҰ Бас хатшысы Д. Мезенцев бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымның дамуындағы ерекше рөлін атап өтті. Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы 2001 жылы маусым айында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан көшбасшыларымен құрылған өңірлік халықаралық ұйым.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін